Озаглавьте текст


Қазіргі таң – білімділер заманы. Күн сайын өзгеріп жатқан жылдамдыққа толы
уақытта талқыға түсіп, талданып жатқан мәселелер де көп. Соның бірі – латын әліпбиі.
2017 жылдың қазан айынан бастап қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына
көшіру туралы пікірлер айтыла бастады.
Тарихымызға көз жүгіртіп қарайтын болсақ, 1929 жылға дейін араб әліпбиі, 1929-
1940 жылдар аралығында - латын әліпбиі қолданыста болса, 1940 жылдан бастап
кириллица қолданылып келеді. Бір айтарлығы, әр кезеңнің өз қиыншылықтары қатар
жүрді, бірақ тоқтап қалған ештеңе жоқ. Демек, ештеңеден қорқып, үркудің қажеті жоқ.
Жан-жағымызға қарасақ, латын әліпбиін қолданатын Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан,
Түркіменстан сияқты түркітілдес мемлекеттерден тілге қатысты ешқандай қиындық
байқалмайды, бәрі әлдеқашан қалыптасқан.
Оның көшу кезеңдері де айқын: 1-кезең: 2018-2020 жылдар – дайындық, талқы,
соңғы латын нұсқасын бекіту кезеңі. 2-кезең: 2021-2023 жылдар. 3-кезең: 2024-2025
жылдар - латын графикасына өтудің соңғы басқышы. Олай болса, іске сәт! айқындайтын
жаңалыққа жанашырлықпен кірісейік. Нәтижесінде әлемдік бетбұрыс бастауы, яғни латын
графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшу - тілімізді тар бұғаудан босатады,
жаһандануға жұтылудан сақтайды. Тіл жанашыры «Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін»
деген Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ, бүгінімізбен ғана өмір сүрмей, ертеңімізді
ойлайық , ерте қамданайық, Қазақ елі!
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.