Өзен террасалары (лат. terra - жер, фр. terras) — беті горизонталь немесе сол еңкіш, өзен аңғарларының бір немесе екі жағында ондаған немесе жүздеген км-ге созылған, сатылы орналасып кертпештермен шектелген жазық алаңдар.
Объяснение:
Өзеннің шаю және аккумуляциялық әрекеттерінен қалыптасқан. Жалпы алғанда, террасалар өзеннің бұрынғы жайылмалары, олар өзеннің ерте кезде жоғары деңгейінде аққанын көрсетеді. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың көтеріле дамуы кезінде немесе климаттың өзгеруіне және соған сәйкес жауын-шашынның молаюы мен ағын тасымалының артуына байланысты. Өзен бұрынғы табанын жырып шайып, төмен деңгейде жаңа арна құрайды, ал бұрынғы жайылмалардың қалдығы кертпештен биік өзен террасалары түрінде сақталып қалады. Эрозия базисінің бірнеше рет өзгеруінің нәтижесінде аңғарлар беткейлерінде сатылы орналасқан бірнеше өзен террасалары қалыптасады және ең жоғарғысы ең көнесі болып табылады. Олардың ені бірнеше м-ден жүздеген м-ге дейін, биіктігі су кемерінен бірнеше м-ден он шақты м-ге дейін (тауларда кейде жүздеген м-ге дейін) жетеді. Жергілікті эрозия базисінің өзгеруі жергілікті террасалардың қалыптасуына себепші болады
Answers & Comments
Ответ: