Менің қиялымдағы мектеп үлкен және әдемі. Ол – менің екінші үйім, бұл жерде мен оқуды және санауды үйрендім. Мектепте әр бала мектеп формасыз жүре алады. Асханада тамақ өте дәмді және тегін. Апайлар өте жақсы, балаларға ұрыспай, жақсы сабақ түсіндіреді. Менің арманымдағы мектепте, оқушының жеке шкафына электронды құлып орнатылған, ол саусақ іздерінің көмегімен ғана ашылуы керек. Сөмке ұстаудың қажеті жоқ, оқулықтардың орнына әр оқушының жеке дербес компьютері, планшеті болады. Барлық сыныптар қажетті смарт тақта басқа да құрылғылармен жабдықталған, кең және жарық болуы керек. Физика және химия кабинеттері, тәжірибе жүргізуге арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Оқу процесі оңай және қызықты өтеді. Бұл үшін ең заманауи технологиялар қолданылады. Спорт залына келетін болсақ, бұл жерде – оқушылар мен мұғалімдер сәнді тренажерлерде жаттыға алады. Жаттығудан кейін бассейнге немесе душқа түсуге мүмкіндік бар. Үзіліс кезінде саябаққа шығып демалуға да болады. Ал қыста шаңғы мен коньки тебуге болады. Барлығы салауатты өмір салты үшін жасалған! Ұстаздардың барлығы жоғары жалақы алатын, өз кәсібін сүйетін және білімді мамандар. Ал оқушылар – терең ойланатын, үнемі ақпарат іздейтін және ғылыми жаңалықтарды ашуға ұмтылатын азаматтар болады деп ойлаймын. Міне, болашақтың мектебін мен осылай елестетемін.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
надеюсь помогла