Booooom4ka
Паразиттер – басқа ағза ішінде не сыртында өмір сүретін және онымен қоректенетін ағзалар. Бұл топқа микробтардың 0,1% кіреді. Бұл микроағзалар эволюция нәтижесінде паразитті түрде өмір сүруге дағдыланған.Олар ағзадан көмірқышқыл мен аммиакты сіңіріп, күрделі көміртегі мен аминқышқылдарын синтездейді. Паразиттерге құрттар яғни гельминттер, вирустар, қарапайымдардың (саңырауқұлақтар) кейбір түрлері жатады. Вирустар мен микробтар Вирустар мен микробтар жасушаішілік паразиттер болып табылады. Олар тұмау, гепатит, полиомиелит, герпес,лимфагранулематоз, СПИД вирустары болып табылады. Вирустар ағзаға шырышты қабық не тері арқылы енеді. Олар ағзаға өз әсерлерін тигізбеуі де мүмкін, өлімге әкеліп соғуы да мүмкін. Қарапайымдар Қарапайымдар да вирустар сияқты ағзаға шырышты қабық не тері арқылы енеді. Бас сүйектегі гаймор қойнаулары ірің туғызатын бактерияларға қолайлы жер болып табылады. Ал ағзаның сілтілі-қышқылды тепе-теңдігінің бұзылуы саңырауқұлақтарға ыңғайлы орта болады. Сонымен қоса қалыпты микрофлораның бұзылуы дисбактериозға әкеліп соғады. Қарапайымның бір түрі хламидияларқан тамырларының қабырғасын бұзып инфаркт, миокард, бедеулік,бауырдың асқынуына әкеліп соғады. Ауыз қуысындағы кандида саңырауқұлақтары да осы топқа жатадыАқпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1616 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
Answers & Comments