переведите поэалуйста


Қымыз биенің ашыған сүті. Қымызды ашытып, баптау – өте күрделі процесс.Қазақтар қымызды жылқы терісінен жасалған сабада, торсықта ашытады. Қымыздың сапасы тікелей оны пісуге байланысты. Сабаға 100 литрден астам, торсықтарға 10-20 литр қымыз кетеді. Қымызды ашыту қорын сол қымыздың өзінен жасайды. Күзде сабадағы немесе торсықтағы ыдыстың түбіне қымыздың қоюы жиналады. Міне, сол қоюын мата дорбаға құйып, салқын жерде келесі маусымға дейін сақтайды. Жаңа сауылған бір шелек бие сүтіне бір ожау сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою керек. Содан соң осы қор үнемі қымыз ашытуға пайдаланылады. Қазақтар сабаға семіз сүр қазы да салып отырады. Қазы салып, жақсылап пісілген қымыздың бабы да дәмі де өзгеше болады. Қымыздың сапалы ыдысына байланысты. Сабаны 10-15 күнде босатып, кептіріп, тобылғымен ыстап алған жөн.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.