Переведите пожалуйста !!!!
Қазіргі отбасылардың көпшілігі (қалалық) қонақ үйді еске түсіреді. Қайсыбір ата-аналар балаларын телефонмен тәрбиелеп жатады. «Тұрдың ба? Тамағыңды іш! Содан кейін отыр, сабағыңды оқы!» Немесе жұмысына асығып кетіп бара жатып: «Оқы, кішкене ойна... былай тұршы, аяқтың астына оралмай! Жұмыстан қалатын болдым ғой! Жай кезде сұрамай, дәл асығып тұрған кезде сұрайды екенсің!» - десіп жатады. Көп нәрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғұмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жұтуы ке¬рек. Бұл жерде бәрібір - ауылдың баласы ма, қаланың баласы ма, ең бастысы, бойындағы дарынын үрлеп жандырып, табандылыққа үйрет. Ал егер баланың ақылы болса, оны қаймықпай, жалтақ болмай өсуге талпындыру керек.
Answers & Comments