переведите пожалуйста

Ертегілер-нағыз ғажайыптар әлемі.Олар -өте ерте заманда,жазу болмаған кезде ауызша шығарылған қызықты және көркем әңгіме.Әр кезде халық ертегіге жаңа бір оқиға қосып,оны толықтырып,жаңартып отырған.

Ерте кезден-ақ адамдар айналасындағы табиғаттың сырын білуді,көккеұшуды, теңіз астына түсіп көруді армандаған.Олар өздерінің арман-қиялдарын,өмір жөнінде түсініктерін ертегілер арқылы айтып жеткізуге тырысқан.

Қазақ ертегілері хайуанаттар туралы,қиял-ғажайып,батырлық және сатиралық, т.б. болып бөлінеді.Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері-үй жануарлары,түрлі аң мен құстар.Олардың іс-әрекеттері арқылы адамдардың өмірі көрсетіледі.Тұрмыс-салт ертегілерінде өмірде болған немесе болатын оқиғалар суреттеледі.Сатиралық ертегілер кейіпкерлері Аяз би,Тазша бала,Қожанасыр,АлдарКөсе,т.б. кейбір ақылсыз, мақтаншақ хан мен байларды тапқыр оймен, өткір сөзбен әшкерелеп  отырған.

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.