Переведите пожалуйста на русский язык.НЕ ПЕРЕВОДЧИК!!!
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі- Сапрғали Бегалин. Жазушы жиырма шақты поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.
Халқымыздың асыл перзенті "Шоқан Уәлиханов" туралы "Шоқан асулары" кітабы-тамаша адамдар өмірін дәл бейнелейтін туынды. "Бала Шоқан" повесінде бала Шоқан мен мүсінші Мысық деген баланың достығын суреттейді.
"Сұрапылда"," Керкиік", т. б. әңгімелерінде халықтың бәйге атқа сүйіспеншілігі суреттеледі.
Сапрғали- қазақ балалар әдебиетінің аса көрнекті жазушысы. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына тыбиғат сырын ұғуға, жан жануарлар дүниесін білуге, адам мінездерін түсінуге жол ашады. "Бала мерген", "Сәтжан", "Көксегеннің көргендері" сияқты тамаша повестерінде малшы өмірінің, аң аулау өнерінің қызықтарымен жастары таныстырады.
"Жас бұтақ", "Қант бұршақ", "Хат", "Мектеп бағында" "Есеннің кірпісі" деген әнгімелері табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйретеді.
Бегалиннің балаларға арнап жазған кітаптары көптеген тілдерге аударылған.
Алматы қаласындағы Республикалық балалар кітапханасы Бегалиннің есімімен аталады. Балалар Бегалинді "біздің алтын сандығымыз" дейді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.