Переведите пожалуйста текст...
Мен елімді сүйемінТуған жердің көгілдір аспаны менің кеудем секілді. Мен сол туған аспаным мен тыныстаймын. Мен туған жердің жарық күнімен алысқа қараймын. Туған ел – бұл кішкентай үйдің табалдырығынан басталады. Содан шексіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі менің туған елімді, жерімді құрайды.Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған елім түсіме енеді. Ол алыстан қол бұлғап шақырады. Туған ел мағынасы мұхиттың тереңінде жатыр. Балғын балалық шақ! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл, күннің қызғылт шапағатына бөленген үйлер – осының бәрі тұтас тұрған туған ел!!!
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті
Answers & Comments