August 2022 1 4 Report
Переведите пожалуйста в более-менее понятный текст
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі
жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының
академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық
жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы
мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында
дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан
әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс
мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің
жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет
атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының
шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет
Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына
септігін тигізеді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.