ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ВОТ ЭТОТ ТЕКСТ
Жалқау мен мешкей
Бір жолы екі жалқау отырып әңгіме-дүкен құрады. Екеуі бір-біріне армандарын айтады.
- Мен өз өміріме риза емеспін, - дейді біріншісі. - Қарным тоймайды, ұйқым қанбайды, еш нәрсеге үлгермеймін. Менің арманымды білсең ғой, тамаққа тойып алсам, сосын ұйықтасам, ұйқыдан тұра салып тағы да тойып алсам, міне, рақат!
-Жо-оқ! - деп екіншісі оның сөзін бөліпті. - Менің арманым; қарнымды тойдырсам, сәлден кейін тағы да тамақ жесем, біраздан кейін тағы да тамаққа отырсам, солай жей берсем, тоқтамай жей берсем! Ал сен ұйықтасам дейсің, ұйықтауға қалай, қашан үлгересің, тамақ жеу керек қой! Ұйықтамай тамақ жей берсең ғана тоқ боласың. Міне, рақат деп осыны айт, - депті.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.