Переведите пж на русский язык!!!!!!!!! 30 баллов!!!
Жаңқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты.Аждаhа қайта оралмады. Ауыл адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты...
Түн. жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалды. Қызықұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Əйипесе, бүл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз ғаламның тылысымын кім түсінер дейсың?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында əскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Əдемі ақ отаудың жанына бврғанда іштен ханшадай киінген сұнғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сəл иіп сəлем берді:
- Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!
Жанқожа ізет сақат қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, ауылының алыстығы білінбейді. Айдаландағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тəрізді. Қүранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен. "Мындай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой" деп ойлап отырды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.