Переведите пж!
– Сендерге мен не жаздым?!– деп Алмабек жылап жiбердi. Сол кезде төбесi көптi көр, көп жасаған орман атасы кәрi еменнiң дауысы естiлдi:
– Сенiң жазығың сол: бiздiң бiрнеше жас шыбығымызды үйiңнiң қасына отырғызбақ болып қазып әкетiп едiң, нағыз азап халге салып қойыпсың. Түбi босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суалып, құрып бара жатқан көрiнедi. Осы қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар?
Iстiң мән-жайы Алмабекке әбден түсiнiктi болды.
– Кешiрiңiздер. Кешiре көрiңiздер!– дедi Алмабек,- Мен отырғызған ағаштарымды бүгiннен бастап мәпелеп күтуге уәде беремiн.
– Жарайды,– дедi қарт емен,– олай болса, бар үйiңе!
Алмабек үйiне келдi. Дереу күрек алып, ағаштардың түбiн қопсытты. Арықтан су әкелiп құйды. Құрт түспес үшiн ағаш дiңгегiнің түп жағын әкпен ақтап қойды. Аз күнде ағаштар қайтадан жанданды.
Answers & Comments