переведите срочно Ол жылы мен алты жастамын. Өмір бойы жалшылықта жүрген әкем Мұқан ауыр сырқаттан еңбекке жарамай, ұзатқан қызы Зәуренің аулына көшіп келді.
Сол жылы кездескен адамдарымның ішінде, менің сәбилік есімде тоқалдыққа берілген апам да, ортадан жоғары дәулеті бар, апамнан екі есе үлкен жездем де, басқалары да сақталмаған, тек қана сақталған жалғыз адам – саятшы Ораз.
Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағын ішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...
Менің есімде бұл кісі сонша айқын сақталмас па еді, қайтер еді, егер сол қыста біздің үйдің күн көруіне оның көп жәрдемі тимесе...
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.