Переведите текст:
Аңыз әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы туралы әртүрлі пікірлер айтылады.Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195, тіпті 400 жыл жасаған деген болжамдар да бар.
Аңыз бойынша Қорқыт- қобыз аспабын алғаш жасап, оған тіл бітірген адам.Ол Желмаясына мініп алып, мәңгілік өмірде іздейді. Қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдар шығады. Осылайша өлімнен құтылмайтынын білген ұлы күйші қобызын жанына серік етіп, өзі іздеген мәңгілік өмірде өнерден табады. Қорқыт атаның сиқырлы күйлері, нақыл сөздері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгі өмір сүріп келе жатыр.
Қорқыттың «Аққу», «Желмая», «Кілем жайған», «Ұшардың ұлуы», «Башпай» атты күйлері сақталған. Қорқыт жырлары қарасөзбен «Қорқыт ата кітабында» жарық көрді. «Қорқыт ата кітабы» - он екі жырдан тұратын теңдесі жоқ әдеби мұра.
Р.s. не пользуйтесь плохими переводчиками.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.