переведите текст
Әлемде климаттың өзгеруі қоршаған ортаны ластаудан туып жатыр. Өндіріс ошақтары қоршаған ортаны ластауда. Жаһандық жылынудың әсерінен Жердегі ауа райы өзгеріп, қатты дауылдар, күшті су тасқындары, құрғақшылық болып жатыр. Ғалымдар болашақта мұндай апаттар жиі болуы мүмкін екенін ескертеді. Ғалымдардың болжауынша, су тасқынынан, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қатты зардап шегуі мүмкін. Ол Бангкок, Шанхай, Гуанчжоу, Хошимин және Янган қалалары. Бүгінде Қытай, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяда су тасқыны көбеюде. Ғалымдар климаттың өзгеруін ормандардың оталуымен де байланыстырады. Қазір Әлемде ағаштары көптеп оталуда. Өндіріс үшін Амазонка талдары оталып жатыр. Ормандардың оталуы құрғақшылық тудыруда. 2005 жылы құрғақшылықтан өзендер кеуіп, орманның 30 пайызы қураған. Бұл — соңғы 60 жылдағы ең үлкен апаттың бірі. Ғалымдар құрғақшылықты Атлант мұхиты суының температурасымен байланыстырады. Мұхит суының қызуы Жер бетіндегі ылғалға әсер етеді екен. Жауын аз болғандықтан, жердің құнарлы қабаты желмен ұшып кетеді. Одан кейін құм мен топырақтан дауыл болады. 2003 жылы Еуропада жаз өте ыстық болған. Ғалымдар оны сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалаған. Мұндай құбылыс 200 жылда бір рет болады екен. Алайда ғалымдар болашақта жазда екі есе ыстық болуы мүмкін екенін айтады. 2040 жылы әрбір екінші жаз осылай ыстық болады екен. Поляк ғалымдары «мұздықтардың азаюы мен су температурасының көтерілуі ауа айналымын өзгерткен» деген болжам айтады. Зор қуаты бар су ауаны жылытып, ол жоғары көтеріледі. Қалыпты жағдайда солтүстік теңіздер мұз құрсанып, оған жол бермейтін. Болашақта адамзатты не күтіп тұрғаны белгісіз. Сондықтан табиғатпен санасу керек.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.