Переведите текст на русский язык:
Мынау менің мектебім...Мынау менің кіштентай бөбектерім...Бір үйдің үміті, шығары, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы... Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Мен ұстазбын.
Мен балаларды жанымдай жақсы көремін... Өйткені, бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайлық пен шыншылдықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Оладың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы... Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем...
Күнде ертеңгісін мектепте жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағамды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, "Сәлеметсіз бе?", "Қайырлы таң!" деген сөздерін естігенде, бойың бір серпілін қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақыт сені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың өзіңе деген ықыласын, саған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқасын. Олардың сенен күтетіндері өте көп екенін сезесің...
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.