Переведите текст пожалуйста.

Қайырымсыздың сазайы.
Елге қайырымы жоқ,сараң бір бай болыпты. бір күні ол Алдаркөсені кездестіреді.өзін ақылдымын деп ойлайтын ол Алдарды ел көзінше алдап,атын шығарғысы келеді.
-Әй, Алдар! Адам түгіл шайтанның өзін де алдап кетеді дейді мен сені?! Мықты болсаң, мына мені алдай аласың ба?-дейді жүйрік атының үстінде шалқая түсіп.
-Несі бар, алдасам алдай салар едім, әттең, алдағыш таяғымның үйде қалып қойғаны!-дейді Алдар.
-Немене,ол таяқсыз алдай алмайсың ба?
-Әрине,алдай алмаймын!
-Ешдеше,бар да,алып кел сол сиқырлы таяғыңды. Мен күте тұрайын.
-Жаяу қалай барамын, шаршап тұрмын,алысқа жүре алмаймын. Келесі кездескенде сізді алдап көрермін.
-Жоқ, қазір алда, алдай алсаң. Мә, менің атыма мін де, тез барып алып кел!
-Қалауыңыз білсін! Барсам барып қайтайын!-деп, Алдаркөсе байдың жүйрік атына мініп алады.-Менің әкем елу жыл бойы сіздің қойыңызшы бақты,ал сіз оның ақысын төлеген жоқсыз. Алдады деген осы,-деп шаба жөнеліп,тез арада ғайып болады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.