Переведите текст пожалуйста.: Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек. Бөлек бір дос тапты. Онысы — әжесі. Одан қала берсе — шешесі.
Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:
- Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, кішкене тақпақтан бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып:
- Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын.
Answers & Comments
-
Бабушка говорит, сначала очень много сказки. 'Повторно Тщательные паломники всегда серьезно слушать. Иногда бабушка устала, если не сказать, прижимаясь к своей матери. Улжан чаще он должен был бы знать, история и песни часто говорят слово.