Переведите текст, пожалуйста. Только прошу, не через переводчик)))ЗАРАНЕЕ СПАСИБО
Бұрынғы өткен заманда байлығы мен аты әлемге жайылған Қарабай деген бай болыпты. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар Баян деген сұлу қызы болған екен. Әсемдігі, көріктілігі алты алашқа толық тараған Баянды айттырып алғысы келетіндердің саны күн санап көбейе түскен екен. Бірақ, Баян күйеу болғысы келген жігіттерді менсінбей қайтара беріпті. Абыр-сабырдан мазасы кеткен Қарабай осындай істі өткізудің басқаша жолын қарастырады. Сөйтіп, өзінің Аякөзден Түменге дейінгі аралықты алып жатқан жайлауының орта тұсы деп, тамаша жер жаннаты тәрізді өлкеге Баянның ауылын қоныстандырады. Сөйтіп, ендігі келушілер осы ауылға келіп, ат басын тірейтін болған. Күнде ойын-сауық, қызық-думан өткізіліп тұрыпты. Баянды көргісі келген бозбалалар жан-жақтан ағылыпты. Сөйтіп, бұл ауыл «Баянауыл» атанып кетеді.
Answers & Comments