Переведите текст с казахского без переводчика 26 баллов
Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін қызықтыратын. Өйткені, қазақ жері арқылы Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия халықтарымен сауда байланыстарын орнатып, сауда жолдарын бақылауда ұстағысы келді. Екіншіден, мал жайылымына жақсы және Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда – қолөнер орталықтары қызықтырды. Сонымен бірге, халықтан алым – салық алуды ойлады.
1723 жылы Жоңғар қоңтайшысы Цеван Рабдан өз әскерін Қазақстанға қарай аттандырды. Қазақ еліне қарсы басқыншылық соғыс жүргізді. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден болды. Сондықтан қазақтар барлық мүлкін тастап, қашуға мәжбүр болды. Жоңғарлар Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын басып алды. Бұл кезең (1723 – 1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Қазақтардың көп бөлігі Орта Азияға (Самарқанд, Бұхар, Хиуа) көшті. Сол жылдары қасіреттің символы ретінде «Елім - ай» атты ән шықты. Авторы Қожаберген жырау.
Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тоналды. Көршілес мемлекеттермен сауда – саттық байланысы да уақытша үзілді. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа берілген. Халық ашаршылыққа ұшырады. Қазақ хандығының халқы шекаралас жатқан мемлекеттерге қашты.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.