Переведите текст с казахского текст без переводчика 26 баллов Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін қызықтыратын. Өйткені, қазақ жері арқылы Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия халықтарымен сауда байланыстарын орнатып, сауда жолдарын бақылауда ұстағысы келді. Екіншіден, мал жайылымына жақсы және Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда – қолөнер орталықтары қызықтырды. Сонымен бірге, халықтан алым – салық алуды ойлады. 1723 жылы Жоңғар қоңтайшысы Цеван Рабдан өз әскерін Қазақстанға қарай аттандырды. Қазақ еліне қарсы басқыншылық соғыс жүргізді. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден болды. Сондықтан қазақтар барлық мүлкін тастап, қашуға мәжбүр болды. Жоңғарлар Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын басып алды. Бұл кезең (1723 – 1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Қазақтардың көп бөлігі Орта Азияға (Самарқанд, Бұхар, Хиуа) көшті. Сол жылдары қасіреттің символы ретінде «Елім - ай» атты ән шықты. Авторы Қожаберген жырау. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тоналды. Көршілес мемлекеттермен сауда – саттық байланысы да уақытша үзілді. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа берілген. Халық ашаршылыққа ұшырады. Қазақ хандығының халқы шекаралас жатқан мемлекеттерге қашты.
Answers & Comments
Ответ:
через казахскую землю хотели установить торговые связи с российским государством, Сибирью, народами Средней Азии, держать торговые пути под контролем. Во – вторых, на пастбищах привлекались хорошие и торгово-ремесленные центры на юге Казахстана. Кроме того, он думал о взимании налогов с населения. В 1723 году Джунгарский хунтайист Цеван Рабдан отправил свою армию в Казахстан. Против казахского народа вели агрессивную войну. Враг вышел в атаку в семи направлениях. Первыми ударами джунгарского нашествия были казахи Семиречья и Иртыша. Нападение джунгаров произошло неожиданно. Поэтому казахи были вынуждены покинуть все имущество и бежать. Джунгары захватили города Ташкент, Сайрам, Туркестан. Этот период (1723-1727 годы) в казахской истории называется «Актабан шубырынды, Алкаколь Сулама». Большая часть казахов перешла в Среднюю Азию (Самарканд, Бухар, Хуа). В эти годы как символ трагедии вышла песня "Елім-ай". Автор Кожаберген жырау. Казахи лишились пастбищных пастбищ. Города Семиречья и юга Казахстана были ограблены. Временно прерваны торговые связи с соседними государствами. По данным Шакарима Кудайбердыулы, две трети казахов подверглись ожирению. Теперь часть передана в рабство. Народ подвергся голоду. Народ Казахского ханства бежал к сопредельным государствам.