Перевести на русский и составить план на казахском. Помогите пожалуйста
Анамның тілі-айбыным менің

“Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры” – дейді Бауыржан Момышұлы.
Атақты В. А. Сухомлинский бір кезде “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген еді. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі.
Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айырылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айырылады және жоғалады.
“Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты-ұлттық тіл. Дінді айырбастауға болады. Тілді айырбастау мүмкін емес. Дұрысы тілді де айырбастауға болады, бірақ онда ұлтыңнан, ұлттығыңнан айырыласың”, - дейді ақын Қадыр Мырзалиев.
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу оны сыйлаудан басталады-дейді Г. Гегель.
“Ана тілім менің, Сен маған ризасың ба білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің, сені мақтан етемін”, деп жырлайды дағыстандық ақын Расул Ғамзатов. Өз ана тіліңді қадір тұтпай , ел-жұртыңды сүйе алмайсың – деп қатал талап қояды Паустовский.
“Уа, туған тіл… ата-анамның тілі Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің”- деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай.
“Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп кесіп айтады Бауыржан Момышұлы.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.