August 2022 1 33 Report
Перевести текст:
Электронды поштамен жұмыс істеу үшін қолданушы бірнеше амалды орындайды. Шығарылатын хабар қызметінің хаттамасы және келіп түскен хабар қызметі хаттамаларын ұсынушы қызмет түріне тіркелуі қажет. Тіркелу нәтижесінде шығарылатын хабар қызметі мен келіп түскен хабар қызметі есепке алу жазбаларың алады. Бұл жазбаларды Интерентке жалғаушы сервис-провайдерлер береді. Әркім өз компьютерінде электронды поштаның бағдарламасын орнатады. Қолданушы өзі жіберетін хабарды даярлап, қабылдаушының электронды поштасының мекенжайын енгізіп, жіберу қомандасын орындауы қажет.
Электронды поштаның әрбір жеке хабарын мәліметтер базасының жеке жазбалары ретінде қарастырған дұрыс. Сонда келіп түскен хабарлар қашықтатылған мәліметтер базасы болса, ал компьютерде қабылданылған хабарлар жергілікті мәліметтер базасы деп есептеуге болады. Әрбір жазбаның өрісі болады.
Электронды поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабардың тақырыбы және негізгі бөлімнен. Тақырып мынадай өрістерден тұрады: кімге - адресаттың аты, көшірмесі - осы хаттың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары, тақырып - хабардың қысқаша мазмұны. Электронды пошта мәтіндік, мультимедиалық, архивтік және басқа да файлдарды жібере аламыз. Негізгі бөлімде жіберілетін мәтін орналасады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.