перевести текст
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер — үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық - қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған, Табалдырық - бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» — деп кіргізеді. Тұрсын Жұртбайдан. 2. 1-тақырып​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.