Перевод на русский язык... помогите пожалуйста..

Алты жасар Алтай үлкен болуға асығатын. "Тезірек үлкен болсам, ешкім қақпайламай, өз еркіммен жүрсем, апам сеніп жұмыс тапсыратын болса, дүкенге барып, нан əкеле ғой десе" - деп асыға арман қылатын.
Бала өмірі алуан түрлі, таңғажайып қызық қой! "Ылғи бала қалпымда тұрсам, апам сұраған тəттімді беріп аяласа, маңдайымнан шертпесе, еш жаққа жұмсамаса, ертеден қара кешке дейін ойнасам," - деп арман ететін де балалар табылады.
Алтай бүгін ертемен тұрды да, қолжуғышқа барып, бетін жуды. Ақ тіс тазалағышымен аппақ қып тісін тазалады. Өзінің кішкене ақ шағаланың суреті бар, ақ сүлгісімен таза сүртініп, киініп алды, терезенің алдына барды...
Бірақ бұл қылықтарының ас үйде таңғы асты əзірлеп жүрген не апасының, не сақалын алып отырған əкесінің көзіне түспегеніне қапа болды, қатты ренжіді.
"Əкем көбінесе үйде болмайды ғой. Адам болып қалғанымды ол қайдан білсін! Менің ержетіп, ақылым кіріп, үлкен болып, есейіп қалғанымды күнде қасымда жүрген апам байқамағанына таңым бар. Мен оған ылғи баламын! Мен оның көзіне əрқашан сарыауыз балапан, сәби көрінем".
Кейде асығып, үстіне бірдеңесін іле салып, нанға кетіп бара жатқанын көріп: " Апа! Мен боспын ғой, аяғым жеңіл. Жүгіріп барып, наныңды əкеліп бере қояйын" - деп өтінем. Бірақ көнбейді. " Сен əлі кішкенесің, баласың, асықпа! " - дейтіні бар-ау жанымды күйдіріп...
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.