Перевод текста не с переводчика.
Енді өлдім ғой деген сәтте,Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады.Бидай байғұс көзінің жасын төгіл тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып,аңырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің барын қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып, бой түзеп, құлпырып сала береді.Адам да жин-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады.Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан,Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәндісебеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Reлер жылы бір қап, содан соң он қап,одан соң мың қап, сөйтіп, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.