➢ 2-тапсырма, 119-бет. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз. (жазбаша/письменно)
1.
2.
3.
4.
5.
Текст
Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша, Олимпиаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады. Олар көгілдір, қара, қызыл (жоғарғы қатары), сары және жасыл (төменгі қатары) түстен құралады. Бұл бес құрлық спортшыларының «Олимпиадалық қозғалысқа бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күш жұмсайық!» деген ниетін аңғартады. Мұнда сонымен бірге «Читиус», «Альтиус», «Фортиус» (жылдамырақ, биігірек, күштірек) ұраны да бар. Сондай-ақ мүнда 5 сақинамен бірге, олимпиаданың өткен жылы және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады. Бірінші олимпиада жалауы 1914 жылы Парижде көтерілді. Олимпиада алауы ертедегі олимпиадалық ойындар өткен Грекиядағы Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін факелді эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Олимпиадалық ойындар басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от түта- тылады. Осы от ойындар аяқталғанша жанып тұрады. Мүндай дәстүр 1936 жылдан бері жалғасып келеді.
Помогите пожалуйста
Answers & Comments
Ответ:
1)Кімнің ұсынысы бойынша, Олимпиаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады.
2)Олар қандай түстен құралады.
3)Сондай-ақ мүнда 5 сақинамен бірге, ненің белгісі болады.
4)Бірінші олимпиада жалауы Нешінші жылы қай жерде көтерілді.
5)Мүндай дәстүр Нешінші жылдан бері жалғасып келеді.