Құпия — өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке адам немесе қандай да бір ұйым басқаға білдірмей ұстайтын ақпарат. Әркімнің жеке, отбасылық құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, дәрігерлік, адвокаттық құпиясын, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығы бар (Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 144-бабы). Әркімнің басқалармен қарым-қатынас жасаудың өзі қалайтын түрін таңдау және тәуелсіз әрі дербес жағдайда жеке, достық, сырластық және басқа қатынастар орнату мүмкіндігі — жеке өміріне қол сұғылмауына деген құқығы. Адамның әуестігін, ұнататын немесе жақтырмайтын нәрселерін, елігушілігі мен дүниетанымын оның бақылауынан және келісімінен тыс таратуға ешкімнің хақысы жоқ.
Answers & Comments
Ответ: