Плииизз срочно 5-7 вопросов к тексту
Аналарды ардақтау, жан-жақты қамқорлық жасау - парызымыз. Ана үшін бала бауыр ет , бақыт десек, оны жеткізу , өсіру оңай емес. Баланың қуанышын да, азап пен қасіретін де тартатын ана. Оның бәріне көніп, төзімділік жасайтын да ана. Дүниеде анадан артық, анадан ардақты еш нәрсе жоқ. Жер басып жүрген адам баласын жаратушы да, оның ұрпағын жалғастырушы да-құдіретті Ана. "Ана" сөзі әрқашан да табынып өтетін тәңіріңдеі естілетіні де содан. "Ананды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген даналық сөз дәл айтылған. Анаға қандай жылы лебіз білдірсек те жарасымда, қандай қамқорлық жасасақ та қарызымызды қайтарудың ширегіне тұрмайды. Сондықтан да іргелі елдігін тереңнен ойлаған, ұрпақ болашағын жан дүниесімен толғаған қай халық болсын, ең алдымен, абзал Анаға тәу етіп, бар жақсылық-игілігін соған арнамақ.
Answers & Comments