Поэзии, драмы Сакена Сейфуллина на казахском языке
Answers & Comments
милашка550
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу. Қалың орман, Ойға толған, Тұнжырайсың иіліп, Еңбек сырлас, Сәулем құрдас, Әр рудан жиылып. Жоқ бір қалып, Кейде ырғалып, Сен де көлше шулайсың. Басты шайқап, Желді жайпап, Аласұрып тулайсың. Аппақ қайың, Қарағайың Қосылыпты табысып. Сұлу терек, Жасыл желек Құшақтасып қабысып. Кейде қыбыр, Кейде жыбыр, Кейде жұмсақ желбіреп. Көйлегің көк, Өрнегі көп, Құлпырады елбіреп. Сұлу терек, Жасыл желек, Сәулем, саған не керек.
Answers & Comments