luna200503
Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этникалық тарихы түркілер тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркітектес, түркітілдес тайпалардың көне заманда да болғанын ескереміз. Бірақ нағыз түркілердің этникалық тарихы V ғасырдан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: «Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркітілдес деген сипат береміз?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. V— VIII ғасырлардың арасы — түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған. Көне түркі тайпалары — Орталық Азиядағы, одан тыс жатқан кейінгі түркітілдес халықтардың ататегі. Ежелгі түркі халықтары қоныстанған жерлер бүгінде Қытай Халық Республикасының аумағына қарайды. Ұлы Қытай қорғанының солтүстігіндегі далалық аумақты көк түріктер мекендеген делінеді. Қазір де осы өңірде көк түріктерден қалған жұрнақ ұйғыр, қазақ, қырғыз сияқты халықтар тұрады.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр-хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл оғыздардың жаңадан әр үрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
Answers & Comments