Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі – Абай, ХХ ғасырдағы асқар биігі – Мұхтар Әуезов. Дүниежүзілік әдеби классикаға асыл қазына болып қосылған қайталанбас көркем туындыларында М. Шолохов орыс өмірінің осы ғасырдағы елу жылдық болмысын бар бұралаңымен түгел шебер жинақтама, Мұхтар Әуезов қазақ қоғамының өткен ғасырдағы елу жылдық бітімін бүтін тамыр-тереңімен қопара зерттеп, аса білгірлікпен, асқан зергерлікпен жарқырата ашты.
М.Әуезов қаламынан небір асқақ туындылар шықты. Оның шығармалары әдебиетіміздің сүт бетіндегі қаймағы десе де болады. Ал "Көксеректі" оқымаған, фильмін қарамаған қазақ жоқ шығар.
М. Әуезов «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Повесть жайын профессор Б.Майтанов: "Көксеректі" әлем әдебиетінің антологиясына кіргізетін, қамырдан қыл тартқандай қалам құдіреті, шеберлік осындай-ақ болар!"-дейді. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.
Шығармада тек табиғат пен адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге отбасылық текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы жауыздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер. Қасқырлардың өзі бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шабуы шүбәсіз. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяп, бауыр басқаны үшін ғана құрбан болып кетті.
Шығармадағы типтік образ, қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал көксерек десе кез келген қазақтың жүрегінің дір ететіні белгілі. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Автордың шеберлігі мен парасатына тағы бір мәрте көз жетеді. Мұндай шеберлікке бас имеске болмас...
Answers & Comments
Ответ:"Көксерек".

Объяснение: Вот это?