Жыл сайын 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік күні атап өтіледі.«Тәуелсіздік» деген 11 әріптен
тұратын сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай
кең десеңізші!Ол өлең, ол ән, ол сұлулық, ол асқақ
арман, ол шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Бір ғана сөз
бейбітшілік, бақыт, сәттілік, достық, сыйластыққа
жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті ұялатады.Біз
–бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген
шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған
босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты,
талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты
мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен
қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де ертеңгі
ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы
кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-
дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып
жатқан жарқын ұрпақпыз. Тәуелсіздік жылдарында үлкен
жетістіктерге қол жеткіздік: жаңа мемлекет құрылды,
экономикамыз дамыды және адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылады.Әлемде екі жүз қырыққа жуық
мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін
басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін
алмағаны қаншама! Мен өзі еліммен мақтан етемін!
Объяснение:
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments