Помогите добрые люди
Мына сөздердин баламасын табыңыз.
1. Аузы жеңіл - ... 2. Баласын құтты орнына қондыру - ... 3. Құлағы тосаң - ... 4. Қолының жымысқысы бар - ... 5. Қосып айтады - ... 6. Ауыз бастыру - ... 7. Сөзге келу - ... 8. Бет жыртыспау - ... 9. Жасы ұлғаю - ... 10. Қалтасы тесік - ... 11. Сымсыз телефон - ... 12. Аузының желі бар - ... 13. Ұзын құлақ - ... 14.Ішінде бүкпесі бар. 15. Қолды болды - ...
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Сөздердің баламасын табу.
1. Аузы жеңіл – аузында сөз тұрмайды.
2. Баласын құтты орнына қондыру – қыз баланы ұзату, тұрмысқа беру; үйлендіру.
3. Құлағы тосаң – құлағы нашар естиді.
4. Қолының жымысқысы бар – ұрлыққа жақын адам.
5. Қосып айтады – өтірік айтады.
6. Ауыз бастыру - айтпауға уәде беру үшін ақы беру.
7. Сөзге келу – ұрысып қалу, ренжісіп қалу.
8. Бет жыртыспау – ұрыспау, ренжіспеу.
9. Жасы ұлғаю – қартаю.
10. Қалтасы тесік – кедей адам.
11. Сымсыз телефон – өсек, қауесет.
12. Аузының желі бар – өсекші.
13. Ұзын құлақ – ауыл арасындағы жаңалықтарды ауызша жеткізу 14.Ішінде бүкпесі бар – сыры, құпиясы бар.
15. Қолды болды – ұрланды.