Қазақстанның тәуелсіз жылдар аралығындағы айтулы жетістіктерінің бірі ол еліміздің жаңа ордасы Астананың салынуы болды. Жаңа Астана халқымыздың тарихындағы жаңа қоғам, экономика құруға және жаңа белестерді бағындыруға жол ашты.
Әрине, бүгін Астананың республикамыздың басқа өңірлерімен салытырғанда көптеген ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі ол Астананың еліміздің ортасындағы ыңғайлы коммуникация, көлік, темір және әуе магистральдары тоғысқан географиялық орталығында орналасуы. Сонымен қатар, бас қаламыз келекшекте өзінің дамуы мен құрылысы үшін қажетті ресурстар мен бос жер көлемдеріне ие. Осыған қоса, Астанада адами және өнеркәсіптік әлеует де үстем.
Әлемдегі басқа астаналармен салыстырғанда, біздің Астанамыз дамуын енді бастап келе жатырған жас қала. Алайда, Қазақстанның келешегі еліміздің ордасы Астанамен байланысты болатындығы күмән келтірмейді.
Бүгін Астана Дүниежүзілік астаналар ассоциациясы мен ТМД елдеріндегі ірі қалалар атты ерікті әрі бейкоммерциялық ұйымдардың мүшесі. Олардың басты мақсаты – ТМД елдеріндегі ірі қалалардың атқарушы және өкілетті биліктерінің арасындағы өзара бірлескен шешімдер мен шараларды қабылдап, әлеуеттік – экономикалық дамуға серпін беру.
Осы жылдарда Астананың сыртқы экономикасы бірнеше рет өсіп, қаланың сауда және экспорттық мүмкіндіктері де артқан. Оның дәлелі ретінде статистикаға сәйкес қаланың сыртқы сауда айналымының тұрақты түрде өсуін айтуға болады.
Сонымен қатар, қаланың өнеркәсіп өндірісі, құрылысқа бағытталған инвестициялар мөлшері, пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үй көлемі, қаланы көріктендіру мен көгалдандыру, салық пен бюджетке төленетін төлемдерді арттыру секілді маңызды жұмыстар бар.
Мысалы, өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюы 2013 жылғы қолданыстағы бағалар бойынша 276 217 млн. теңгеге жеткен. Оңтайлы динамика инвестициялардың өсуі бойынша да көрініп отыр. Былтырғы жылдың тоғыз айына сәйкес негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 409,5 млрд. теңге құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға артқан. Инвестициялардың басым бөлігі «Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймақ арқылы келуде. Бұндай арнайы «еркін экономикалық аймақтар» қазіргі уақытта көптеген елдерде кеңінен қолданылып келеді.
Аталған экономикалық және іскерлік белсендік сәйкесінше елорданың құрылыс саласының тез дамуына ықпалын тигізді. 2013 жылдың мәліметінше, Астанада пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1101 мың шаршы метрді құраған. Сол себепті Астананың құрылысы, қала тұрғындары мен Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мамандарға елеулі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.
Осыған қоса, қаланың транспорт-коммуникациялық кешені де тұрақты түрде дамуда. 2013 жылы қала шеңберіндегі көлік жүк айналымының мөлшері 110,2% пайызды көрсетсе, көлік жолаушылар айналымы 112,0% пайызға жеткен.
Сонымен қатар, қала өмірінің маңызды бөлігінің бірі ол шағын және орта бизнестің дамуы. 2015-ші жылдың басында алынған мәлеметке сәйкес, Астанада белсенді және тұрақты шағын және орта кәсіпорындардың саны 46 970 жеткен.
Жалпы алғанда, Астана бүгінде әлемдік мегаполистер секілді кең көлемді өнеркәсіп, құрылыс және сауда-саттық салаларын ұлғайтып, сәйкесінше, қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда. 2013 жылғы орта айлық шартты еңбек ақысының мөлшері бір маманға шаққанда 159 537 теңгені, немесе жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 107,6 пайыз өсімді көрсеткен. Бұл ортақ республикалық көрсеткіштен де жоғары.
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение: