Помогите! Мне нужен стих на казахском языке про осень! 8-10 строчек Надеюсь на вашу помощь!
Answers & Comments
MatieStar11
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды.
Аника1308
Бар бояуы мезгілдің қаныққанда, Табиғатты өзіңдей жан ұққанба? Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта, Қамыққанда, әр күні жарық таңда. Сарғыш түске боялып, атырап бар. Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар. Таңғажайып табиғат алмасуын, Суретшінің көзімен бақылап қал. Қарашы, күрең қабақ күзге мынау, Қынадай қалындапты түзде мынау. Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып, Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау. Қапталған қалың көштей қара ала бұлт, Шығысқа жер бауырлап, барады ауып. Қайтарда мұңлы шыққан қаз қанқылы, Құлақта ғұмыр бойы қалары анық. Тапжылмай төңірекке қарадым мен. Селдір бақ сыбдырлайды баяу үнмен. Сары ала қазыдай боп жатқан күзді. Басуға батпай тұрмын аяғыммен.
Answers & Comments
Күз.
Күз мезгілі келді,
Жемістерін беріп түр.
Жапырақтар сарғайып,
Құс атауы көшіп тұр.
Табиғатты өзіңдей жан ұққанба?
Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта,
Қамыққанда, әр күні жарық таңда.
Сарғыш түске боялып, атырап бар.
Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар.
Таңғажайып табиғат алмасуын,
Суретшінің көзімен бақылап қал.
Қарашы, күрең қабақ күзге мынау,
Қынадай қалындапты түзде мынау.
Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып,
Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау.
Қапталған қалың көштей қара ала бұлт,
Шығысқа жер бауырлап, барады ауып.
Қайтарда мұңлы шыққан қаз қанқылы,
Құлақта ғұмыр бойы қалары анық.
Тапжылмай төңірекке қарадым мен.
Селдір бақ сыбдырлайды баяу үнмен.
Сары ала қазыдай боп жатқан күзді.
Басуға батпай тұрмын аяғыммен.