Помогите написать небольшое сочинение на тему "мой любимый поэт " например о Абае Кунанбаеве на казахском языке дам 25 баллов умаляю помогите
Answers & Comments
РиМмУсИиК
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П.Михаэлиспен танысып, орысша білімін терендете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.Абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Атақты данышпан Сократтың да шығармасын бәлген.Абай В.Г.Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. А.С.Пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан.«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды «Амал жоқ, қайттым білдірмей» / «Татьяна хатына»/ әнін шығарды. Сондай-ақ И.А.Крылов, М.Ю.Лермонтов, И.Гете шығармаларынан да аударды.Абай қазақтың ән-күй творчествосын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған. Өзі «Айттым сәлем қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып» тағы басқа әндер шығарған.Абай «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп, жалпы адамзатты түгел сүйетін, гуманизм биігіне шақырады.
1 votes Thanks 4
munvova
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы,ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннанкейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жылоқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб,парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан,Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындықөнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының,ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып,дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдіңжолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағыорыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшыЛеонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары:Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл,ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; БатысЕуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор,Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақаналауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастардыадал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алғанұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзініңөлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адаммінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік,көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айтакеліп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаманәдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болусияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісініңқатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, еңболмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есепал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы менмәніне ерекше тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистіктұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсызболуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандарақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистіккөзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортағабайланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен,егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайдыдеген кісінің тілін кесер едім»,-деді. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық,эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абайтүсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмірсүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағыақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмірсүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай.Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсемекен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойынажан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды. Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым.Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте,дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырынбілім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
Answers & Comments
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындықөнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының,ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып,дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдіңжолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағыорыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшыЛеонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары:Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл,ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; БатысЕуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор,Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақаналауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастардыадал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алғанұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзініңөлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адаммінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік,көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айтакеліп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаманәдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болусияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісініңқатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, еңболмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есепал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы менмәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистіктұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсызболуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандарақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистіккөзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортағабайланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен,егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайдыдеген кісінің тілін кесер едім»,-деді.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық,эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абайтүсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмірсүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағыақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмірсүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай.Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсемекен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойынажан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым.Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте,дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырынбілім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.