помогите написать реферат на тему "Тұсау кесу жыры"
Answers & Comments
dzhumagulovaҚазақ халқының қадым замандардан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінге ұрпаққа ұлықтау мақсатында "Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену" деген тақырыппен бастаған жобамызды жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыпқа арқау болғалы отырған дәстүр – тұсаукесер.Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуденөткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерініңтопырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады.Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі.Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.Халықтық түсінік бойынша, тұсауыкесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілдіәрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталыпөтілетін дәстүрлі қуаныш. Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп,арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпартартқызып, арты думанды тойға ұласып кетуі ғажап емес. Жиналған көпшілікарасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттеріменкөзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестеніңтұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауынабайланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі.Әдетте қазақтар бала тұсауын ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен.Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептепістейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа,жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама,бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді.Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама,ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлашжібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, тұсауындағыжіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені.Тұсау кесер сәті алдында жиналғандар кеңдала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағағаарналған дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанынақазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды. Тойдыңнегізгі жанкүйерлері – балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, озыпкелгені арқанды қиып, дастарқандағы бар дәмге ие болады, оған арнайысыйлық беріледі.Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!»т.б. тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланыңтұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң,сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры шырқалады:Қаз-қаз, балам, қаз балам,Қадам бассаң, мәз болам.Қаз-қаз, балам, қаз балам.Тақымыңды жаз балам.Күрмеуіңді шешейін,Тұсауыңды кесейін,Қадамыңа қарайық,Басқаныңды санайық,Қаз-қаз, балам, жүре ғой...Балтырыңды түре ғой.Тай-құлын боп шаба ғой,Озып бәйге ала ғой.Қаз баса ғой, қарағым,Құтты болсын қадамың!Өмірге аяқ баса бер,Асулардан аса бер.Жүгіре қойшы, құлыным,Желбіресін тұлымың.Елгезек бол, ерінбе,Ілгері бас, шегінбе. Міне, осыдан бастап шынашақтай қазақтыңөмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды, қиындығы мен қызығы молжаңа өмірі басталады. «Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәттіболуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшылығы.
Answers & Comments