Помогите написать сочинение на тему:- Елдің тағдыры
Answers & Comments
adema210503
Қазақтың ұлы, тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша, халқына тыныштық пен жігер беріп, шыдамдылық пен төзімділіктің шегіне жеткізіп тәрбиелеп отыр. Біз өткен күрестер жеңісінің арқасында бүгін тәуелсіз ел болып, еркіндікте жүрміз. Елімізді бастап ұрпаққа жол көрсетер Президентіміз бар.
Президент – еліміздің, өміріміздің айнасы. 2012 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.Ел бірлігін, Отан тыныштығын жан – жақты қарастырып отырады. Біздің Президентіміз өте ақылды, көреген, келешекті болжағыш адам деп ойлаймын. Бізді бейбіт тыныштық жолмен алып келеді. Мұны да қалыптастыратын ақыл керек. Біздің елімізде көптеген ұлттар мекен етеді. Соның бәрінің басын қосып біріктіре білді. Барлығын бірлікте ұстап, дұрыс жолға қойып, қамқор бола білді. Елімізді әлем таниды. Жиырма жылдың ішінде әлемге әйгілі, дүние жүзі таныған өркениетті ел қатарына қосып келеді. Елбасы – тәуелсіздіктің тірегі. Қазақстандағы барлық ұлттарды татулық пен келісімге шақырып, «Қазақстан халықтары ассамблеясын» құрып, ортақ келісімге қол жеткізуі де Елбасының көрген саясаты деп білемін. Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып Елбасы өз халқына, ұлтына зор сенім жүктейді. « Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында», деп өз халқының алдына ауыр міндет жүктейді. Экономикалық, әлеуметтік дамуға қол жеткізіп, ТМД көлемінде көптеген көрсеткіштер жөнінен алға шығуымыз Елбасының сындарлы саясатының жемісі екені даусыз. Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс еңбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.
«Тарихты саясаткерлер жазады, ал тарихты ұлы адамдар жасайды» деген қанатты сөз бар, ал ондай адамдар өзгелерден ерекше жаратылады. Олар жағдайды стратегиялық тұрғыдан бағалап, сараптамалық ой мен ғажайып жан иесі бола тұрып, талмас күш – жігерінің арқасында өз таңдауының дұрыстығына күмән келтірмей және жұртшылықты соңына ертіп, қажымай – талмай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарына жете біледі. Өткен жиырма жыл осы қасиеттердің барлығының Ұлт көшбасшысында барлығын дәлелдеді. Ғасырлар тоғысында Нұрсұлтан Назарбаев елдің алға дамуын жүзеге асырып қана қойған жоқ, сонымен бірге, әлемдік үдерістерге елеулі ықпал ете білді. Бі з мықты басшысы бар күшті мемлекетпіз. Бүгінде не жолы, не өндіріс орны, не тұрғын үйлері жоқ жерде жаңа жобалардың арқасында қызу тіршілік басталды. Ел Президентінің барлық жоспарлары мен жобалары Қазақстанның біртұтас ұйысқан халқы қолдап тұрған соң жүзеге асып жатыр. Бейбітшілік, келісім және тұрақтылық – дамудың қазақстандық жолының шешуші факторы. Әр қазақстандық пен елдің бақытты тағдырының, ұлт мерейінің формуласы болашаққа талпынуда, жаңа белестерге ұмтылуда жатыр.«21 – ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», деп Елбасы айтқан сөзі біздер үшін, жас ұрпақ үшін зор парыз болмақ. Өзін өз ұлтына, барлық қазақстандықтарға ақыл – парасатымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық деңгейдегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз.