gulsym99
Шайтанкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 км жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан. Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Орташа тереңдігі 2 метр. Суы мөлдір, түбі тастақ, су сіңбейді. Оңтүстік, батыс, солтүстік жағаларын қоршап тұрған жартастардың биіктігі 10 м және одан да биік. Қар, жаңбыр суымен толығады. Жартылай бұзылуға ұшыраған қатқабатты гранитті жартаспен қоршалған. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған. Жауын-шашын мол жылдары артық су шарасынан асып, оңтүстік жағасындағы науа тәрізді арнамен ағып кетіп отырады. Көл құрғамайды. Жан-жағын қарағай, қайың, терек, таңқурай, тасжарған, тобылғы, тағы басқа бұта өскен қалың ну орман көлеңке түсіріп, көл суын көп буланудан сақтап тұрады.
Answers & Comments
Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Орташа тереңдігі 2 метр. Суы мөлдір, түбі тастақ, су сіңбейді. Оңтүстік, батыс, солтүстік жағаларын қоршап тұрған жартастардың биіктігі 10 м және одан да биік. Қар, жаңбыр суымен толығады.
Жартылай бұзылуға ұшыраған қатқабатты гранитті жартаспен қоршалған. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған. Жауын-шашын мол жылдары артық су шарасынан асып, оңтүстік жағасындағы науа тәрізді арнамен ағып кетіп отырады. Көл құрғамайды. Жан-жағын қарағай, қайың, терек, таңқурай, тасжарған, тобылғы, тағы басқа бұта өскен қалың ну орман көлеңке түсіріп, көл суын көп буланудан сақтап тұрады.