la055
Талдықорған жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан деп аталатын таулардың етегіне орналасқан құмды төбе. Биіктігі-150 м, ұзындығы – 8 км, ені – 3 км. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның салдарынан құм төбелері пайда болып отырады. Жел соққанда, електен өткендей іріктелген майда құм түйіршіктері сусылдап төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың үніне ұқсас таза , әдемі әуен естіледі. Егер жел күшейе соқса, әлгі әдемі әуен реактивті ұшақтың гүріліне ұқсап кетеді. Осындай ғажап әнді есту үшін адамдар әдейі ат басын бұратын болған. Табиғаттың мұндай ғажайып әншісі ешбір елде жоқ.
Answers & Comments