помогите перевести
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қарған. Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға , қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен.қазақ дәстүрі бойынша, үйде , көшеде ер адамдар бір біріне қол беріп амандасады. Жасы кіші адам үлкенге: " Ассалаумағалейкум!" - деп амандасса , үлкендер: " Уағалейкумсалам!"- деп жауап береді. Ал мектепте, қоғамдық орындарда ер адаммен де : әйел адамдармен де "Сәлеметсіз бе!" -деп амандасады. Адамдарды таныстырғанда үлкенге кішіні, әйел адамға ер адамды бірінші таныстырады. Ондай кезде: " Танысып қойыңыздар","Таныстыруға рұқсат етіңіздер!"- деп айтады. Мен өз отбасымды жақсы көремін, қазақ отбасынның дәстүрлерін құрметтеймін, сақтаймын.
Answers & Comments