помогите перевести пожалуйста
Балалық кез

Абай қара торы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болады. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделігімен көзге түсетін.

Баланың ақынға ұқсастығы көп. Екеуінің де жаны нәзік, сезімтал да әсерленгіш. Екеуі де жақсылық пен жамандықты сезгіш. Ақын мен бала табиғатқа жақынырақ.

Адам жас кезінде оқып жаттаған өлеңі мен әнін ұмытпайды. Өйткені бала өлең мен сазға жақын.

Болашақ ұлы ақын он жасқа келгенше ертегілер мен аңыздар, батырлар жырын, шешендік сөз үлгілерін біліп, жадында сақтап қалған. Мұндай әңгімелерді әжесі мен шешесі жалықпай айтатын. Шешесі Ұлжан ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, қызықты етіп әңгімелеп беретін.
"Әкем Абай туралы" атты естелігінде баласы Тұрағұл былай дейді: "Түн болғанда, әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отыратын әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда, бұрын естімеген кісіше, ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң, айтушының адасқанф жері болса, өзі түзетіп айтып беретін".
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.