Помогите перевести текст по казахской литературе за 5 класс Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз күні. "Наурыз" - парсы сөзі, қазақша айтқанда "Жаңа күн" деген ұғымды білдіреді. Бұл мереке жыл сайын наурыз айының 22-де мерекеленетін болған. Яғни бұл күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастаған кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы - ''Ұлыстың ұлы күні' деп есептен, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жыл - Наурызбен құттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы да білдірген.
Answers & Comments