Помогите перевести только не переводчиком!
Адал дос Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімеселеп келе жатты . Оның біреуі Аблан да , екіншісі- Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз: - Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды,- деп қатты қорқып, айқайлып Жіберді. Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Аблан- ның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп , Абланды құтқарып алды. Абыз Абланның жанына келіп: -Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр. -Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені, сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді Аблан. - Достар деген осындай болар, - деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.