ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ. Төр қонақбөлменің жоғарғы жағы.Ол жасы үлкен адамдар,қонақтар отыратын сыйлы орын.Қазақ үйге келген қонақты Төрлетіңіз!,Төрге шығыңыз! - деп қарсы алады. Көрпе төсеп,жастық қойып,төрге отырғызады, кұрмет көрсетеді. Қазақ хақында дастарқанға үлкендердерден бұрын отыру ұят саналады.Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап,төрден орын береді.Үлкен кісілер - көпті көрген,сыйлы кісілер.Қазақта төріңнен қарт кетпесін деген сөз бар.Себебі қарт тілегін айтып,батасын береді.Төрде қарттар,одан төмен жастар отырады. Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды.Ол - әдепсіздіктің белгісі.Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят саналады.Қазақ дастарқаны дос,байры,туыс қана емес,кез келген адамға ашық.Қазақтар бір-бірінің үйіне барып,жиі араласқанды ұнатады.Әсірсе ата-анасын әрқашан құрметтеп,үйіне шақыру,төрге отырғызу - қазақ баласы үшін әрі парыз.Өйткені дастарқан - жақсылықтың басы, қуаныштың белгесі
Answers & Comments