Помогите пожалуйста Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының таулы беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан: майқарағай, балқарағай, самырсын түрлері өседі. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті ормандардан тұрады. Қазақстанда өсетін көпжылдық өсімдіктерден кәдімгі емен 500 – 1000 кейде 2000 жыл, шырша 250 – 300, қарағай, самырсын қарағай 350 – 500, қайың 100 – 150 жыл тіршілік етеді. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі. Батпақты жерде қамыс, қоға қалың өседі. Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Шөп қоры мал жайылымы үшін бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.