Помогите пожалуйста. Казахский. Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты. Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті. Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап. Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.
Ақпараттар
+ дұрыс
- бұрыс
Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды.
Ұлы мен келіні атасын отбасымен бір үстелге отырғызбады.
Бір күні келіні көжені ағаш ыдысқа құйып әкелді.
Мақсат балшықпен ойнап отырды.
Ұлы мен келіні атасына қызмет көрсететін болды
2-тапсырма Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін жазыңыз.
1.
2.
3.
4.
3-тапсырма. Берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз.
1. Менің сыныптастарым
2. Менің жетістіктерім
3. Мектептегі мерекелер
Answers & Comments
Ответ:
1 тапсырма
1)+
2)+
3)_
4)-
5)+
2тапсырма
1 болашақ отбасы
2 ата әже
3 басты құндылық
4 тәлім тәрбие.