Помогите пожалуйста!!! мәтіннен қатыстық сын есімдерді тауып сөйлем құра
\

Жанар! Атың қандай әдемі. Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға Жанар татитын қыз. Екеуіміз бірге оқимыз. Жанар, біріншіден, кластағы ең бір ақылды қыз. Екіншіден, сұлу. Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Дауысы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң! Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билегенін көрсең. Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы.

Жанарды ойыма алсам, мен қатты қуанып кетемін.

Шіркін-ай, былай болса: адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған ұрса бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек»- деп ойлар еді….

Жанардың үйі көшенің басына таман, өзенге таяу. Әкесі Балабек бригадир болып істейді. Мамасы Қырымға ку¬рортқа кеткен.

Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде қуанып кеттім. «Не де болса, сөйлесейін» деп ойлайдым.

- Кеш жарық, Жанар.
Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп келіп, ағаш шарбақтың үшкіл басынан ұстап бетпе-бет тұра қалды.
- Кеш жарық, Қожа. Неғып жүрсің?- деп сұрадыол.
- Мен түнделетіп жайлауға кетем.
- Мамаңа барасың ба?
- Иә, сен неге лагерьге бармадың?
- Мамам келгенше үйде болып, әжеме көмектесем. Майқанова апай легерьге келесі кезекке жолдама берем деді.
Жанар осыны айтты да:
- Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық,- деді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.